Ақтау қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Осы мақсатта қаладағы 27, 16 және «Заман» сауда кешенінің аумағындағы жолдың белгіленбеген бөліктерінен өтуді шектеу үшін арнайы қауіпсіз қоршаулар орнатылуда.
Қоршаудың жалпы ұзындығы 3000 метрді құрайды. Аталған қоршаулар жаяу жүргіншілердің тек арнайы белгіленген өткелдермен өтуін қамтамасыз етіп, жүргізушілер мен тұрғындар арасында туындайтын апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
— Қала тұрғындары мен қонақтары жол жиегінен арнайы қоршауды көрсеңіз демек сол жолда жаяу жүргінші үшін қаупті дегенді білдіреді, сондықтан жолдан өтерде реттелетін жаяу жүргінші жолағымен өтулеріңіз сұралады, — деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.
Қала әкімдігі жол қауіпсіздігі мақсатындағы шараларды алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Осы тұрғыда көлік жүргізушілері мен жая жүргіншілерден жолда жүру тәртібі мен ережесіне бағынуға шақырамыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі