Ақтау қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабындысы төселуіне байланысты 8-шағын аудан мен 6-шағын аудан аралығында жол жүрісі уақытша шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстары 30 шілде - 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі