Жылы жағажай аймағындағы тазалық шарасы кезінде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов аймақ тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады.
Шаһар басшысы өткен демалыс күндердің өзінде жылы жағажай аумағына тұрақтаған 8 мыңға жуық көлік, 30 мыңға жуық адам тіркелгенін атап өтті. Бұл ретте демалушылардың көбеюінен туындайтын қоқыс мәселесінің өзектілігін айтып, бұқараны тазалыққа шақырды.
- Ақтау қаласының тазалығына бей-жәй қарамайтын қоғам белсенділері, журналистер мен блогерлерді, танымал өнер және спорт саласының өкілдерін, басқа да қарапайым тұрғындарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Барлығымыз бірігіп, қоғам болып жұмылып, тазалықты бірінші орынға қойған жағдайда ғана қаламыздың көркі одан сайын арта түседі, – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі