Ақтау қаласының әкімі шағын ауданішілік шұңқырлы жөндеу жұмыстарын тексерді

Ақтау қаласының әкімі шағын ауданішілік шұңқырлы жөндеу жұмыстарын тексерді

 26 шілде күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 27-шағын ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.

Мердігер мекеме өкілдері қала әкіміне шағын ауданішілік автотұрақ құрылысы мен шұңқырлы жөндеудің ахуалын баяндап, жөндеуге дейінгі және кейінгі кезеңдерді таныстырды.

Жүрмелі жиын барысында тұрғындар да шаһар басшысына өз пікірлерін айтып, өтініштерін жеткізді. Өз кезегінде Әбілқайыр Байпақов тұрғындар сұранысындағы мәселелерді шешу үшін жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Ақтау қаласында жалпы көлемі 50 000 шаршы метр шағын ауданішілік аумаққа шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 20 000 шаршы метрі жөнделіп, пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары 7, 8, 9, 26, 27 және 28-шағын аудандарда жүргізілді. Келесі кезеңде жұмыстар 11, 12, 13, 17, 30, 32а, 32в және 34-шағын аудандарда кезең-кезеңімен жалғасын табады. Шағын ауданішілік жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қала әкімінің тұрақты бақылауында болады.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі