Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов кезекті рет қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында азаматтар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту, жер телімін алу, жатақхана тапшылығы, ауыз су және жұмысқа орналасу сынды сұрақтармен жүгінді.
Әбілқайыр Байпақов қабылдауға келген әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі