Ақтауда көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақтауда көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ақтаулық бірқатар көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Салтанатты жиында 8 ана – «Алтын алқа» иеленсе, 19 анаға – «Күміс алқа» табысталды. Әбілқайыр Байпақов өз кезегінде мерейі артқан аналарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

- Балаларыңыздың дені сау, болашағы жарқын болсын. Арасынан мемлекетшіл азаматтар, көк байрағымызды желбірететін спортшылар, өнер адамдары, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер өсіп шықсын. Сіздер ұлт ұрпағын тәрбиелеп, елдің өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп отырсыздар, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі