
Қазіргі таңда Ақтау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Қала келбетін жақсарту мақсатында бірнеше нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Атап айтқанда, 29А-шағын ауданда орналасқан «Akkala Mall» сауда орталығының маңында жаяу жүргіншілер жолы төселіп жатыр. Сонымен қатар, 15-шағын аудан мен Самал теңіз жағалауындағы спорт алаңы қайта жаңғыртылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау көзделуде.
Қаладағы көше жарықтары да басты назарда. Шаһарда жарық шамдарын ауыстыру және сырлау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Ал, қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, суару және зиянкестерден қорғау шаралары да өз деңгейінде атқарылуда. Суару жұмыстары арнайы техникамен қатар, саябақтарда тартылған су құбырлары арқылы жүзеге асырылып келеді.
Айта кетейік, кешкі мезгілде жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары жасыл желектерді зиянкестерден қорғауға бағытталған. Қолданылып жатқан препараттар адам денсаулығына және үй жануарларына қауіпсіз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі