Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

Ақтау қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихаты​ ​«МАЭК» ЖШС бас директорының өндіріс және БН-350 реакторын пайдалану жөніндегі орынбасары Игорь Чернецкийдың мезгілсіз қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Игорь Петрович Чернецкий 1965 жылы 9 қыркүйекте Ақтауда (бұрынғы Шевченко) дүниеге келген. Ол Маңғыстау энергетикалық колледжінде, кейін Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1986 жылы ПГМК медициналық-санитарлық бөлімінде бастаған. 1994–2003 жылдары «Маңғышлақ атом энергия комбинаты» РМК-да түрлі қызметтер атқарды. Ал 2003–2022 жылдары «МАЭК–Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де жауапты лауазымдарда жұмыс істеп, бас инженер, өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары болған.

2024 жылдың шілдедесінен бері Игорь Чернецкий «МАЭК» ЖШС бас директорының өндіріс және БН-350 реакторын пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Қызмет барысында ол «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі, «Еңбек сіңірген энергетик» медалі, ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» III дәрежелі төсбелгісі, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ оған «Еңбек ардагері», «МАЭК–Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің «Құрметті ардагері» және «Құрметті қызметкері» атақтары берілген.

Мезгілсіз орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, марқұмның отбасы мен тума-туыстарына көңіл айтамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі