
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау жастары сенбілікке шықты.
Игі шара барысында жастар қала аумағындағы қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты. Іс-шараның мақсаты – жастарды табиғатты қорғауға шақырып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға ынталандыру.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі