
Ақтауда магистралдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты 6А-шағын аудан мен 8А-шағын аудан аралығындағы жол уақытша жабылады.
Аталған жұмыстар 27 шілде – 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Алматыинжстрой» АҚ қала тұрғындарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуын сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі