Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 18.07.2025 жылғы қаулысымен Айладыр Нұрсейіт Есмұратұлы Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Нұрсейіт Есмұратұлы 1991 жылы Маңғыстау облысында Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген.
2008–2012 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және 2012–2014 жылдары аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр және магистр дәрежесін алған. 2016–2018 жылдары Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2014 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепші-менеджері болып бастаған.
2015–2018 жылдары «Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде техник, бас маман, 2019–2022 жылдары Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сектор меңгерушісі және бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.
2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың шілдесіне дейін Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.
Сонымен қатар, Нұрсейіт Айладыр 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып табылады.