Ақтау қаласында шағын ауданішілік жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 27-шағын ауданда шұңқырлы жөндеу және автотұрақ салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нақтырақ №10, 11, және 71, 8, 9, 53, 54-үйлердің ауласындағы жолдар кеңейтіліп, көлік тұрақтары салынуда.
Сонымен қатар Ақтаудағы 28-шағын ауданда осындай жұмыстар аяқталуға жақын. Сондай-аұ 11-шағын ауданның №13, 14, 17-үйлер ауласындағы жолдар кеңейтіліп, автотұрақтар салынды.
Мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес өзге де шағын аудандарда жүргізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі