29 шағын ауданда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

29 шағын ауданда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Ақтау қаласының 29-шағын ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жол негізін дайындау, жиектастар орнату, жаяу жүргіншілер жолын төсеу, жарық шамдарын жаңарту және көгалдандыруға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жоба аясында балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын орналастыру, ирригациялық жүйе орнату, көше бойындағы жасыл желектерді жаңарту қарастырылған.

Сонымен қатар, құрылыс барысы Ақтау қаласы әкімдігі мен техникалық қадағалау мамандарының бақылауында.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі