Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен қала жастарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға арнайы шақырылған ұлағатты ұстаз, қоғам белсендісі Ағлен Таласбаева жастармен ашық пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен салдары, оған қарсы күрестің маңыздылығы жайында мазмұнды ойларымен бөлісті.

Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен адалдық қағидаттарын насихаттау.

📍Жастарға бағытталған кездесулер олардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, әділ қоғам құруға деген сенімін нығайтады.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі