Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен шаһардағы санитарлық тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы «Таза Ақтау» жобасының алғашқы рейдтік шарасы басталды.
Тексерістің алғашқы күнінде 22-шағын аудандағы дүкен жанынан заңбұзушылық дерегі анықталып, кәсіпкерге айыппұл салынды.
- 22 шағынаудандағы аялдама маңындағы дүкенге тексеріс жүргізіліп, нысанның лас болуына байланысты полиция басқармасы тарапынан айыппұл салынған болатын. Бұл іс-шара жылдың соңына дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Кәсіпкерлерге өздерінің нысандарының айналасын абаттандыру, көгалдандыру және таза ұстау міндетті!, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
Сондай-ақ мониторингтік топ арнайы қоқыс жәшігін орнатпаған, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен айналысатын мекемелеомен келісімшарт жасақтамаған, қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастаған кәсіпкерлерге де қатысты бақылауды күшейтпек.
Еске салайық қала әкімдігі «Таза Ақтау» жобасын қалалық прокуратура және полиция басқармасымен бірілесіп жүзеге асырып отыр. Алдағы уақытта рейдтік шаралар жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі