«Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мамандары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, ақау туындаған желілерді тексеріп, зақымданған учаскелерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмысқа арнайы техникалар мен бірнеше жедел топ жұмылдырылған.
Атап айтқанда, ГПП2Г - ТП-11-08 және ГПП2Г - ТР-6-05 бағыттарындағы трансформаторлық подстанциялардың кабель желілері толық тексеріліп, муфта жасау және кабельді жөндеу жұмыстары орындалды. Бұл – апат көздерін ерте анықтап, жарықтың қайта сөніп қалмауы үшін атқарылған маңызды шаралардың бірі.
Электр желілерінің жалпы жағдайы Ақтау қалалық әкімдігі мен АЭЖБ МКК тарапынан күнделікті бақылауда. Қала тұрғындарына жарық үздіксіз жеткізілуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі