Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ерғали Скендиров тағайындалды.
Скендиров Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Астана қаласы «Тұран - Астана» университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы «Резерв» Мемлекеттік Республикалық мекемесінің іс жүргізуші-заңгері эксплуатация бөлімінің басшысы және «Автоматика» филиалы мекемесінің эксплуатация бөлімінің басшысы болып бастаған.
2009-2014 жылдар аралығында Ақтау қаласы «Нұр-Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгер-консультанты және ұйымдастырушы-бақылау бөлімінің партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болды.
2015-2020 жылдары «Өмірзақ ауылы әкімі аппараты ММ-нің инспекторы, ауыл әкімінің орынбасары лазауымдарын атқарды.
2020-2021 жылдар аралығында Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлім басшысы
2021-2022 жыл: Каспий «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңесші қызметін атқарды
2022-2023 жылдары Бозашы Транс Құрылыс ЖШС-нің әлеуметтік сала бойынша қызметін атқарды.
2023-2025 Ақтау қалалық сайлау коммисиясының төрағасы
Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық саясат және индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі