Ақтау қаласында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты электр желілеріне түсетін жүктеме артып, бірқатар шағынаудандарда апаттық жағдайлар орын алды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде электр қуатының ажыратылуына қатысты кесте таралды.
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.-Әлеуметтік желілерде таралып жатқан электр қуатын ажырату кестесіне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды. Мамандар тарапынан соңғы жағдайларға байланысты ешқандай ресми кесте таратылған жоқ, - деді Нұрлан Орынбасаров.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі