Маңғыстауда халықаралық «Түркі жас қаламгерлері» фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Маңғыстауда халықаралық «Түркі жас қаламгерлері» фестивалінің жүлдегерлері марапатталды
Маңғыстауда «Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы» және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында арнайы өткізілген әдеби форумда «Түркі жас қаламгерлері» фестивалінің жүлдегерлері марапатталды.

Аталған фестиваль аясында әр жанр бойынша үздік қаламгерлер марапатталды. Атап айтқанда, драма жанры бойынша Мұрат Холғанат (Қазақстан) 1-орынға, Асылзат Асқарқызы (Қазақстан, Алматы ) 2-орынға, Шавкат Дустмухаммед (Өзбекстан) 3-орынға ие болды.

Поэзия жанры бойынша Шерхан Талапұлы (Қазақстан, Астана) 1-орын, Мирас Асан (Қазақстан, Астана) 2-орын, Олжас Қасымов (Қазақстан, Астана) 3-орын иеленді.

Ал, проза жанры бойынша Нұрбек Нұржанұлы (Қазақстан Астана) 1-орынды, Қанат Мұратбеков (Қазақстан Ақтөбе) 2-орынды, Жавлон Жовлиев (Өзбекстан) 3-орынды қанжығаға байлады. Сондай-ақ, өзге де фестивальге қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар, дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Іс-шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали қатысты.

-Аталған фестиваль өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Фестиваль аясында шығармашылық байқау жабық түрде өтті. Іс-шараға қазылар алқасының мүшелерімен қоса арнайы қонақтар шақырылды. Ақын-жазушыларға арналған фестиваль алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сонымен қатар, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында және олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту мақсатында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Байқаулар өңірлік емес халықаралық деңгейде өтсе жастарымызға үлкен қолдау боларына сенімдіміз,- деді Нұртас Сали.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі