Ақтауда республикалық командалық айтыс өтеді

Ақтауда республикалық командалық айтыс өтеді
Ақтауда 10 шілде күні «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыс ұйымдастырылады. Айтыс 34-шағын аудандағы Достық үйінде сағат 10:00-де басталады.

Кіру тегін.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы мен Маңғыстау командасы, сондай-ақ Қарағанды мен Түркістан облысының топтары өзара ақтық сынға түседі.

Өнер аламанына еліміздің белгілі ақындары мен өнерпаздары қатысады. Олардың қатарында Бекарыс Шойбеков, Дидар Қами, Жансая Мусина, Бейбіт Байжігіт бар. Сондай-ақ жыршы-термешілер Ерболат Шалдыбеков, Ақылбек Өтешов, Оспан Құлсымақ және әнші-күйшілер Нұрым Асқанов пен Жәнібек Жәмиев өнер көрсетеді.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі