Ақтауда жол жүрісі уақытша шектеледі

Ақтауда жол жүрісі уақытша шектеледі

Ақтау қаласында 28 маусым күні «Есірткісіз қала» атты жүгіру марафонының өткізілуіне байланысты 15-шағын аудан «Амфитеатр» алаңы аумағынан бастап 4-шағын аудан 3-үйге дейінгі автомобиль жолы уақытша жабылады.

Жолдың жабылатын уақыты: 06:00 – 10:00 аралығы. 

Шара ұйымдастырушылары уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністік танытуын сұрайды. 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі