Ақтау қаласында былтырғы оқу жылында бюджет қаражаты есебінен 18 және 19А шағын аудандарда әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп құрылысы аяқталып, тапсырылды. Биыл тағы 3 «Келешек мектептерінің» құрылысы жүргізілуде.
- Қазіргі таңда, аталған жоба аясында 16, 20 ш/а және «Рауан» елді мекенінде 3 мектептіңқұрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде білім саласындағы өзекті мәселе - үш ауысымды мектеп проблемасын шешуге ықпал етпек, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі