Ақтау қаласында қазіргі таңда 258 аялдама бар. Оның 78-і жабдықталмаған және 22 ескі үлгідегі болатын. Сол себепті, биыл қалада аялдама мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 100 аялдаманы салуға қаражат қаралып, қазіргі таңда мердігер мекеме орнату жұмыстарын жүргізуде.Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуде баяндады.
- Аталған аялдамаларды орнату кезінде бірінші кезекте, бұған дейін мүлде аялдама болмаған 78 аялдама қамтылатын болады. Содан кейін, 22 ескі үлгідегі аялдама жаңартылады. Жоспар бойынша орнату жұмыстары тамыз айында аяқталады.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі