«Айтылды-орындалды»: Ақтауда 11-шағын ауданның кей жолдары кеңейтіліп, қосымша автотұрақ салынады

«Айтылды-орындалды»: Ақтауда 11-шағын ауданның кей жолдары кеңейтіліп, қосымша автотұрақ салынады

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ақтау қаласының 11-шағын аудандағы №4 және 10 мектептер аумағына жаңадан көлік тұрағын салу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байпақов халықпен кездесуде айтты.

- Көлік тұрағынының негізі дайындалып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қалған болатын. Бұл жұмыстарды биылғы шұңқырлы жөндеу жұмыстары аясында іске асыруды жоспарлап отырмыз, деді қала әкімі.

Биыл бұл жұмыстар жалғасын тауып 11 ш/а 13, 14 тұрғын үйлердің жанындағы 2 бағыттағы автокөлік жолын кеңейту және автотұрақ салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде «Мамандандырылған IT-лицейі», №10 мектеп және «№4 ерекше балаларға арналған балабақшасы» жанындағы кептелісті жоюға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі