Ақтауда 50 000 шаршы метр шағын ауданішілік автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ақтауда 50 000 шаршы метр шағын ауданішілік автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ақтауда биыл мамыр айынан бастап 7, 8, 9, 26 шағын ауданішілік автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні 27 ш/а ішілік жолдарға жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуде баяндады.

- Жоспарға сәйкес 12, 13, 16, 17, 18, 19, 19а, 28 шағын аудандарында жүргізілетін болады.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылдан бастап, ескі шағын аудандарда орналасқан мектеп және балабақша маңындағы автомобиль жолдарын кеңейту және автотұрақтарды салу қолға алынд, деді шаһар басшысы.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі