Жаңа балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері: Ақтауды абаттандыру жұмыстарында серпіліс бар

Жаңа балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері: Ақтауды абаттандыру жұмыстарында серпіліс бар

Қала аумағында қазіргі күні 320 дана балалар ойын алаңы және 120 дана спорт алаңы бар. Олардың тозу деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылы тағы 80 дана балалар ойын алаңы және 50спорт алаңы орнатылмақ. Қазіргі таңда конкурстық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі халықпен кездесуінде айтты.

- Одан бөлек, ескірген қоқыс жәшіктерін және олардың арнайы қоршауын жаңадан орнату мақсатында 200 дана қоқыс жәшігінің арнайы қоршауын орнату жоспарланып отыр. Қаланың негізгі қоғамдық орындары теңіз жағалауы және «Жартасты Соқпақ», скверлер, саябақтарда орналасқан абаттандыру элементтерін, шағын сәулет нысандарын, ескерткіштерді, су бұрқақтарды, спорт, ойын алаңдарын күтіп ұстау мақсатында мердігер мекеме тиісті жұмыстарын жүргізуде, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Сондай-ақ, мердігер тарапынан теңіз жағалауында орналасқан ескі балалар ойын алаңдарының жабдықтары жаңартылды. Қаламызда тозығы жеткен орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жаңарту мақсатында Самал теңіз жағалауынан 14а ш/а теңіз жағалауына дейін, қаланың негізгі қоғамдық орындарына, саябақтарға, скверлерге жаңадан 400 дана композитті мәрмәр тастан жасалған орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі