Облыс орталығы Ақтау қаласында 2024 жылы 11,4 шақырым магистралдық жылу құбыры жаңартылды. Биыл бұл жұмыстар жалғасып, мамандар 9,8 шақырымдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуде баяндады.
- Одан бөлек, Ақтау қаласының 3А, 3Б және аурухана қалашығы 10,2 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің қайта құрылымдау үшін Республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстар басталды. 2023 жылы Орталық жылу бекетінің құрылысы (ЦТП) және №2 Орталық сумен жабдықтау торабынан (ЦУВС-2) орталық жылу бекетіне дейін 4,2 км су құбыры жүргізілді. Аталған нысан бойынша жұмыстар келесі жылға өтпелі, нысанды аяқтау үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстар басталды, деді Ақтау қаласыныңәкімі Әбілқайыр Байпақов.
Бұдан бөлек, Ақтау қаласы бойынша 1,2,3,4,5,6,7,8,9,14,15,22,23,
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі