Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының ауыз су өнімділігін тәулігіне 60 000 м3 арттыру арқылы жалпы қуатын 100 000 м3-қа дейін ұлғайтудың үшінші кезең жобасын іске асыру бойынша қазіргі таңда үкімет қаулысын бекіту бойынша өкілетті орталық органдармен келісу жұмыстары жүргізілуде. Үкімет қаулысы бекітілгеннен кейін, ағымдағы жылы жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, жыл аяғына дейін құрылысын бастау жоспарда. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов мәлімдеді.
- «Маңғыстау облысы «МАЭК» ЖШС аумағында пермеаттың жалпы өнімділігін тәулігіне 24000м3 ұлғайта отырып, кері-осмостық станция салу» жобасы. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаны толық іске асыру мерзімі 2026 жылдың соңы, деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Бұдан бөлек, «Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында өнімділігі тәулігіне 24 000 м3 тұщытқыш қондырғылар салу»жобасына түзетулер енгізілуде. Ақтау қаласы қазіргі таңда тәулігіне 65 000 м3 ауыз сумен келесі нысандар арқылы қамтылып отыр: «МАЭК» ЖШС – тәулігіне 40 000 м3, «Актау су тұщыту зауыты» – тәулігіне 3 000 м3, «Каспий су тұщыту зауыты» – тәулігіне 22 000 м3.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі