16-шағын ауданда инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүйелі атқарылуда

16-шағын ауданда инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүйелі атқарылуда

Ақтау қаласы 16-шағын ауданда су, кәріз, жылу, ішкі жол, абаттандыру құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, бүгінгі күні 3000 метр су құбыры, 2400 метр кәріз құбыры және 500 метр жылу құбыры жүргізілді. Бұл туралы шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуде айтты.

Сондай-ақ инженерлік желілер жұмыстары аяқталған аумақтарға «Bars oil» жанармай бекетінен бастап 500 метр жиектас орнатылып, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

- Республикалық және жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. Қаражаты уақытылы бөлінген жағдайда, құрылысын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда, деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Одан бөлек 20 және 20А шағын аудандарында су, кәріз, жылу, автомобиль және жаяу жүргінші жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындылары алынды. Аталған нысандарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, құрылысын бастау шілде айына жоспарланған.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі