Қала аумағындағы электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында, қуаттылығы 110/10 кВт болатын екі қосалқы ХАБ-1 жəне ХАБ-2 станциясының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Аталған ХАБ-1 ден қаланың 13 жаңа шағын ауданына (18, 18А, 19, 19А, 20, 20А, 36-42 ш/а) электр желісін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды. 193 шақырым электр кабелі жүргізілді
- Қаламыздағы трансформаторлардың электр жүктемесін азайту мақсатында 20 дана трансформаторлық станцияларды жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі