Ақтау қаласында 28А және 29 ш/а абаттандыру жұмыстарының құрылысы жүруде. Атап айтсақ, 28А ш/а бойынша бүгінгі күні №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14 тұрғын үйлерінің отмосткалары салынды. №1, 2, 6, 7 тұрғын үйлерінің маңына автокөлік және жаяу жүргінші жолдарының жиектастарын қою жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін толықтай аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуде баяндады.
29 ш/а абаттандыру жұмыстары бойынша №3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тұрғын үйлерінің жиектастары орнатылып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды 2026 жылдың наурыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.
- Қалған 14 және 22 ш/а абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Мердігер мекеме анықталып, қаражаттың бөлінуіне қарай құрылысы басталатын болады, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 15 шағын ауданды абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстары жалғасын тапты. Жоба аясында №26, 27, 28 тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылды. Қазіргі таңда №35, 37, 52, 53 тұрғын үйлердің автокөлік, жаяу жүргінші жолдары және балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қаражат бөлінуіне қарай, кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі