Бүгінгі таңда қала әкімдігінің үй кезегінде 12 952адам тіркелген. Кезектегі адамдарың сұранысын тез арада қанағаттандыру мақсатында өткен жылы бірінші рет тұрғын үйдің құрылысын салмай, бірден сатып алып беру тәжірибесі енгізілді. Бұл туралы қала әкімі халықпен кездесуінде айтты.
Атап айтқанда, кезектегі әлеуметтік осал топтағы азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты есебінен 500 пәтер сатып алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 360 тұрғынға пәтер кілтін иеленді. Жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.
- Одан бөлек, ауданы 32 мың шаршы метрді құрайтын 443 пәтерлі 2 тұрғын үйдіңқұрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды толықтай аяқтайтын болсақ, жақын арада көп жылдардан бері кезекте тұрған мыңға жуық қала тұрғыны баспаналы болады, деді Әбілқайыр Байпақов.
Бұдан басқа 2025-2026ж. кезекте тұрған азаматтар үшін 20 ш/а 144 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі