Ақтау қаласында үлескер тартуға үш нысанның ғана рұқсаты бар

Ақтау қаласында үлескер тартуға үш нысанның ғана рұқсаты бар
  1. Ақтау қаласы аумағында үлескерлік құрылысқаресми рұқсат алып, жеке тұлғалардың қаражатынзаңды түрде тартуға мүмкіндік алған санаулытұрғын үй бар. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов мәлімдеді.

    Олар:
  2. 14 ш/а – «Premier» ТҮК, «Юпитер СтройСервис» ЖШС,
  3. 41 ш/а – «Manhattan» ТҮК, «K7 Group» ЖШС
  4. 40 ш/а – «Avenue Park» ТҮК, «BS Holding» ЖШС.

    - Қала тұрғындары құрылысы аяқталмаған үйлерден пәтер алу кезінде, өздерінің жауапкершіліктерін сезінулері қажет. Осы орайда, азаматтар пәтер сатып алар алдында, әкімдіктен тұрғын үйдің рұқсат құжаттары, оның ішінде үлескер тартуға рұқсаттары бар-жоғын анықтағаны жөн, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

    Бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында құрылысы жүріп жатқан 119 тұрғын үйдің 33-і «заңсыз» деген сот шешімі шыққан. Оның ішінде 5 нысан нақты түрде бұзылды, ал 2 нысан техникалық талаптарға сәйкестендіріліп, пайдалануға қабылданды. Қалған 26 нысан бойынша мәселе ашық күйде, дегенмен әкімдік тарапынан құжаттарын рәсімдеу бойынша шаралар қаралуда. Сонымен қатар, 6 тұрғын үй кешені проблемалық болып танылды.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі