Ақтауда 28-29 маусым күндері «Даламен үндес баба өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің фестивалі ұйымдастырылады.
Шараға қазақ, әзербайжан, қырғыз, өзбек, түрікмен, мажар, түрік, башқұрт, моңғол, қалмақ, тыва, чуваш қолөнершілері, зергерлері мен сәнгерлері қатысады.
Салтанатты ашылуы сағат 10:00-де басталады. 28-29 маусым күні сағат 10:00-22:00 аралығында қолөнер және зергерлік бұйымдар жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары, ал сағат 19:00-22:00 аралығында сәнгерлік топтамалар көрсетілімі өткізіледі. Фестивальдің жабылу салтанаты 29 маусым күні 22:00-де өтеді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі