«Таза Қазақстан»: Ақтауда теңіз жағалауын тазарту жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Ақтауда теңіз жағалауын тазарту жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласындағы теңіз жағалауда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аумақ балдырлар, лай мен тастардан сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып жатыр.

Аталған жұмыстар 15-шағын аудандағы «Самал» жағалауынан басталып, қазіргі таңда 1В шағын аудандағы «Дискай» жағажайына дейінгі аралықта жүргізілуде. Сонымен қатар, «Самал» шағын ауданынан «Жылы жағажай» және «Аққу» балалар лагеріне дейінгі теңіз жағалауы да тазартылуда. Жалпы тазарту жұмыстары шамамен 30–35 шақырым теңіз жағалауын қамтиды.

- Биылғы тазалық жұмыстары маусым айының соңына дейін жалғасады. Барлық шаралар су айдынының табиғи тепе-теңдігін бұзбай, арнайы техника мен қол еңбегін ұштастыру арқылы атқарылып жатыр, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

Бұл жұмыстардың мақсаты – демалыс орындарының экологиялық жағдайын жақсарту және жазғы маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта қалыптастыру.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі