2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Маңғыстау облысы прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Мобильді қабылдау» акциясын өткізеді.

2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Маңғыстау облысы прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Мобильді қабылдау» акциясын өткізеді.
Аталған кезеңде прокуратура қызметкерлері өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, облыстың барлық қала және аудандарында азаматтарды көшпелі жеке қабылдауларды өткізеді.

Кездесулер барысында әрбір азамат өз сұрақтарын қойып, заңнама бойынша түсініктеме алып, сондай-ақ прокурорлық ықпал ету шаралары туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

«Мобильді қабылдаудың» уақыты мен өткізу орындары қосымшада көрсетілген.

Прокуратура өкілдерінен тікелей жауап алу мүмкіндігін пайдаланыңыз!
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі