23 маусым - Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қала әкімдігіндегі бірқатар мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарымен кездесті.
Кездесуде қала әкімі алдымен жиналғандарды мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қиындығы мен жауапкершілігін айтты. Сонымен қатар осы салада еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына жылы лебізін білдіріп, оларды алғыс хатпен марапаттады.
Сіздердің ұл-қыздарыңыз мемлекеттік кызмет саласында өзіне жүктелген міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, білікті әрі мемлекеттік қызметшіге тән мәдениетті, әдептілікті көрсетіп келеді. Бойына азаматтық болмыс пен ақыл-парасатты сіңірген үлгілі азаматты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ мағыналы ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, отбасыңызға береке тілеймін, деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Алғыс арқалағандардың қатарында Ақтау қаласы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы Назгүл Серікованың және Ақтау қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы Ақгүл Қожаназарованың ата-аналары бар. Қыздарының жетістігіне риза болған олар ыстық ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі