«Таза Қазақстан»: Ақтауды абаттандыру жұмыстары қарқын алды

«Таза Қазақстан»: Ақтауды абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Ақтау қаласының 5а, Самал, 15 және 28а шағын аудандарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Кестеге сәйкес мердігер мекеме өкілдері 5а-шағын аудандағы теңіз жағалауында сырлау, қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. 15-шағын аудандағы жағалау аумағындағы балалар ойын алаңын жаңарту мен “Самал” шағын ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 28а-шағын ауданында балаларға арналған ойын алаңы шамдарын іске қосу сынды жұмыстар атқарылуда. 

- Аталған жұмыстарға 100-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Абаттандыру жұмыстары қаланың әр шағын ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі