Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген сыртқы талдаудың қорытындылары талқыланып, туризм саласындағы бірқатар жүйелі мәселелер айтылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Әли Абдуловтың айтуынша, мемлекеттік қолдау аясында көрсетілген қызметтердің заң талаптарына сәйкестігіне, бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне және туризм субъектілерінің қызметін реттеуге қатысты тәуекелдер анықталды.

Сондай-ақ, отырыста «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері де сөз болды. Өткен жылдың 4 тоқсанындағы талдау қорытындысы бойынша аталған мекемеде 6 ұсыным берілсе, оның 4-і орындалған, екеуі орындалу кезеңінде.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тиісті мемлекеттік органдарға анықталған олқылықтарды жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі