Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындарының негізгі мәселелері тұрғын үй кезегі, жер телімі, жұмыспен қамту, коммуналдық төлемдер, кәсіпкерлік, жатақхана, әлеуметтік көмек, ғылыми зерттеулерді қолдау секілді бағыттарды қамтыды.
Әбілқайыр Байпақов азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Бірқатар мәселелерді сол сәтте шешілуіне ат салысты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі