Бүгін, 10 маусымда қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағына қарасты Өмірзақ ауылы мен Ақжелкен елді мекенінде дизинсекция жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар көктем айынан бастап Ақтау қаласының шағын аудандары мен жағалау аймақтарында басталды. Қазіргі таңда дератизация, дезинфекция және дезинсекция жұмыстарын бекітілген кестеге сай мердігер «Медик-гигиенист» өндірістік кооперативі жүргізіп жатыр. Қала аумағындағы балалар ойын алаңдарында маусымдық жәндік пен зиянкестерді жоюға бағытталған жұмыстар атқарылуда.
- Қолданылып жатқан барлық препараттар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сай және адам мен үй жануарлары үшін қауіпсіз, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Мұндай бағыттағы жұмыстар биылғы жылдың екінші тоқсанында қайта жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі