Ақтау қаласының әкімі 26-шағын ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты

Ақтау қаласының әкімі 26-шағын ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қаладағы 26-шағын аудан 38-үй маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді.

Мердігер мекеме өкілі қала әкіміне шағын ауданішілік жолдардың шұңқырлы жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі таңда 26 ш/а 38-үйдің ауласында автотұрақ салынуда. Осы ретте шаһар басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға сын айтылмауы үшін сапалы атқарылуын міндетті.

- Тазалыққа мән беру керек. Тұрғындардың бізге айтылатын наразылығы - жұмыстарыңыздың бағасы. Сол себепті бір жұмысқа екінші мәрте оралмау үшін осы бастан дұрыс әрі сапалы орындалуын қадағалаңыздар, деді Әбілқайыр Байпақов.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі