22 мамыр күні Азаматтарды қабылдаудың біріңғай күні аясында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовқа 11 ш/а 14 үйдің тұрғыны келіп, үй ауласын абаттандырып беруді өтінген еді.
Бүгін, 5 мамырда Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған мекен-жайға барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Тұрғын өтінішіне сәйкес қолға алынған жұмыстарды сапалы әрі жедел атқаруды міндеттеген қала әкімі мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.
- Кез-келген жаяу жүргінші үшін қолайлы жағдай болуы тиіс. Осы ретте жұмыстар сапалы атқарылсын, деді қала әкімі.
Сондай-ақ жүрмелі жиында үй ауласының автотұрағы мен жаяу жүргінші жолының мәселесі де көтерілді. Әбілқайыр Байпақов тұрғындардың бұл өтінішіне сәйкес жауаптыларға ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі