2025 жылдың 24 мамырынан бастап, мемлекеттік тұрғын үйге кезекке тұру және оны бөлу процесі жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банкке» өтті. Енді бұл іспен арнайы электрондық база – orken.otbasybank.kz айналысады.
Төмендегі шарттарға сай үй алуға үміткер бола аласыз:
* Соңғы 5 жылда Қазақстанда үйіңіз болмаған;
* Қазір де атыңызда үй жоқ;
* Қазіргі тұрып жатқан үйіңіз апатты деп танылған болса;
* Отбасыңызда нақты баспана мәселесі бар.
Не істеу керек?
1. orken.otbasybank.kz сайтына кіресіз.
2. Сол жерде үйге мұқтаждар есебіне электронды түрде өтініш бересіз.
3. Егер талаптарға сай болсаңыз, кезекке қойылып, мемлекеттік тұрғын үй алуға мүмкіндік аласыз.
Барлық ақпарат пен процестер енді бір жерден – Отбасы банк платформасынан жүргізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі