Ақтау қаласынан сатып алынған пәтерлерді бөлу мақсатында Ақтау қаласының әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізімінің кезегінде тұрған:
- 12.06.2003–06.08.2019 жыл аралығында тіркелген көп балалы отбасылар;
- 29.08.2001–20.07.2012 жыл аралығында тіркелген жетім балалар;
- 02.07.2003–10.03.2014 жыл аралығында тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, Ақтау қаласы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, Азаматтарды қабылдау орталығына төмендегі құжаттарды жинап тапсыруы қажет:
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;
6) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
7) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәліметтер (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.
Құжат қабылдау сағат 09.00-18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30-14.00 аралығы.
Мәлімет ретінде, тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтардан құжат қабылдау – 2024 жылдың «09» желтоқсанында сағат 09.00. басталған болатын.
«Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі