Қала аумағында орналасқан кәсіпкерлер назарына!!

Қала аумағында орналасқан кәсіпкерлер назарына!!

Алдағы келе жатқан мерекелік шаралар кезінде халық арасында дүрбелеңді болдырмау мақсатында, тегін қызметтер көрсету және тегін тауарлар тарату бойынша акциялар, түрлі іс-шаралар өткізбеуді сұраймыз. 

Еске салайық азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі