Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен 7 және 8 шағын аудан аралығында су құбырын жаңарту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, шағын аудандар арасындағы автомобиль жолы үш күнге жабылады.
Аталған жұмыстар маусым айының 5-8 күндері жүргізіледі. Жобаның мақсаты - ескірген су құбырын жаңартып, қала тұрғындарын тұрақты су желісімен қамтамасыз ету.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі қала тұрғындарынан уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі