
Ақтау қаласында Президенттік жастар кадр резерві жөнінде қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, жоба жайлы мағлұмат берілді.
Президенттік жастар кадр резерві – ел болашағына жауапты, білімді әрі әлеуеті жоғары жас мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған ұлттық жоба. Бүгінде резервке енгендердің 80%-ы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қызмет атқарып жүр.
– Жасы 35-тен аспаған азаматтар
– Жоғары білімі бар
– Ең кемі 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет
– Қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі тиіс
Құжат қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін болады.
Толығырақ ақпаратты pkrezerv.kz сайтынан алуға болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі