Ақтауда заңсыз қоқыс төккен жүк көлігінің иесі жауапкершілікке тартылды

Ақтауда заңсыз қоқыс төккен жүк көлігінің иесі жауапкершілікке тартылды

26 мамыр күні қала аумағының тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізу барысында Ақтау қаласы 41-шағын аудан аумағында мемлекеттік нөмірі жоқ жүк көлігі заңсыз қоқыс төгіп жатқан сәті анықталды.

Оқиға орнына жеткен полиция мамандары жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талабына сәйкес айыппұл салды.

- Құрметті қала тұрғындары! “Таза Қазақстан” акциясы бойынша сіздерді қаламызды таза ұстауға және алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамын, деді Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мәулен Қалиев.

Жалпы Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері Әкімшілік Кодекстің 434-2 бабы бойынша - 2374, 505-бап бойынша - 5927 құқық бұзушылық анықталды.

Еске салайық, мамыр айынан бастап қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты мамандардың күшімен қала аумағынан заңсыз төгілген 950 тоннаға жуық қоқыс тазаланды.

Құрметті, қала тұрғындары! Қала тазылығы – баршамызға ортақ міндет. Сол себепті, сіздерді қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төкпеуге шақырамыз! Бұл ретте, анықталған кінәлілердің ешбірі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеміз!

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі