Ақтауда жаңа шағын аудандарды тұрақты электр энергиясымен қамтитын жоба аяқталуға жақын

Ақтауда жаңа шағын аудандарды тұрақты электр энергиясымен қамтитын жоба аяқталуға жақын

Ақтау қаласының жоғары шағын аудандарын тұрақты электр энергиясымен қамтуға арналған жоба мәресіне жетуге таяды. Бұл туралы қала әкіміне Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркінбек Жауқан мәлімдеді.

Бүгін, 23 мамырда Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «ХАБ-1» және «ХАБ-2» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме “Электромонтаж” АҚ. Қазіргі таңда жоба бойынша 230 шақырым тоқ желісінің 200 шақырым кабелі тартылды. Қала әкімі жобаның маңыздылығына тоқталып, жұмысты жедел әрі сапалы атқаруды тапсырды.

- Жоғары шағын аудандарда соңғы кездеру тоқ көзі жиі істен шығып, ақау пайда болып жүр. Бұл мәселе басты назарда. Бұл жобаның маңыздылығы өте зор, деді Әбілқайыр Байпақов.

Айта кетейік қосалқы станцияларды іске қосу жұмыстары Ақтауда бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген. Түйткілді мәселенің жұмыстары былтыр ғана басталды. Жоспар бойынша маусым айының соңына дейін аяқталады. Қосалқы станциялар іске қосылса қаладағы 18, 18а, 19, 20, 20а, 19а, 20, 20а шағын аудандарын тұрақты тоқ желісімен қамтымақ.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі